Қостанай облысында 24 шетел азаматы эвакуацияланды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Қостанай облысы Адаевка ауылынан 30 шақырым жерде орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Қостанай облысында 24 шетел азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеп отыр.

“Бүгін Қостанай облысының 112 пультіне Қамысты ауданының Адаевка ауылынан 30 шақырым жерде жолаушылары бар микроавтобус істен шығуына байланысты тоқтап, қозғалысты жалғастыра алмайтынын туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жолданған ТЖМ құтқарушылары 24 адамды, оның ішінде 4 баланы жақын жылыту пунктіне эвакуциялады. Құтқарылғандар Өзбекістан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары болып табылады”, – делінген ТЖМ хабарламасында. 

 Істен шыққан көлік құралы да елді мекенге сүйретіліп әкелінген. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған. Зардап шеккендер жоқ.