Жезқазған тұрғыны пәтерінде күйген тамақтың исіне уланып қалған

Nur-Altay Umirzak

Ол қызының қоңырауларына ұзақ уақыт жауап бермеген

Сурет: Бейнеден кадр/Тұрғынды құтқару сәті

50 жастағы Жезқазған тұрғыны пәтерінде күйген тамақтың исіне уланып қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жезқазған тұрғыны ұзақ уақыт бойы қоңырауларға жауап бермей әрі есікке жақындамаған анасының пәтеріне кіре алмаған. Оқыс оқиға болды ма деп күдіктенген бойжеткен құтқарушыларға 112 нөмірі бойынша хабарласты.Тәжірибелі құтқарушылар есікті сындырмай, пәтерге альпинистік құрылғылардың көмегімен төбеден түсіп, балконнан кірді. Пәтерде олар, электр плитасында қараусыз қалған тамақтың күйіп, салдарынан түтінмен уланған 1975 жылы туған қожайынды дәрменсіз күйде жатқанын анықтады. Зардап шегуші әйел жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне әрі қарай тексеру және қажетті көмек көрсету үшін табысталды”, – делінген ТЖДхабарламасында.

Қазір науқасқа ауруханада ем шаралары жүргізіліп жатыр. Жағдайы орташа, қалыпты.