Құтқарушылар автокөлікті үнемі техникалық тексеруден өткізуді ескертіп отыр
Бүгін Астана қаласы Есіл ауданында көше ортасында микроавтобус өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Есіл аудандық ТЖД мәлімдеді.
“Бүгін Астана қ. Есіл ауданында Ұлы дала даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында микроавтобус жанды. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар өртті толықтай жануын 9 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда”, – делінген ТЖД хабарламасында.
Құтқарушылар автокөлікті үнемі техникалық тексеруден өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Әсіресе қыс мезгілінде, көліктің электр жүйесіне түсетін жүктеме артатын уақытта, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп отыр.