Ақтөбеде облысының тұрғыны кәріз құдығына түсіп, уланып көз жұмған

Nur-Altay Umirzak

Марқұмның туыстары коммуналдық мекеме жұмысшыларын кінәлі қылмай, әділ баға берілсін деген талап қойған

Сурет: Бейнеден кадр

 

Ақтөбеде облысында кәріз құдығына түсіп, уланып көз жұмған Жұма Құрмановтың туыстары тексеріс қорытындысымен келіспей отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Марқұм туыстарының тексеріс қорытындысымен келіспеуінің басты себебін мамандардың 58 жастағы азамат қайғылы оқиға күні жұмысқа ішімдік ішіп келген деген шешімі күмәндандырған.

Алайда марқұмның балалары болған жайтқа коммуналдық мекеменің жұмысшыларын кінәлі қылмай, әділ баға берілсін деген талап қойған. 

Қайғылы оқиға өткен жылдың тамыз айында Ембі қаласында болған. Коммуналдық мекеменің бес жұмысшысы су сору үшін кәріз құдығына түседі. Жұма Құрманов пен әріптесі уланып, оқиға орнында көз жұмды дейді туыстары. Қалған жұмысшылар ауруханаға жеткізіліп, аман қалған. Қайғылы жайттан кейін еңбек инспекциясы комиссия құрып, соның қорытындысын жариялаған екен. Бірақ марқұмның балалары мамандардың шешімімен келіспейді. 

“Работниктің қанында экспертиза қорытындысы 0,49 метил спирті табылды дейді. Менің әкемде 0,49 пайыз, ал қасындағы адамда 0,46 пайыз дейді. Менің әкем деген 99 жылдан бері почти 25 жыл ішпеген адам. 99 жылы қойып кеткен. Біз оған қарсы жаздық. Неге қалай ішпеген адамның қанында спирт табылып тұр. Қағазы бар. Опьянениемен жұмысқа кірді деп сондай қылып тұр”, – дейді марқұмның ұлы Аслан Құрманов.

Ал марқұмның туыстары болған жағдайға еңбек қауіпсіздігін сақтамаған коммуналдық мекеме 100 пайыз кінәлі деп отыр. Сондықтан қара жамылған отбасы еңбек инспекциясын сотқа беріпті. Ал, мамандардың айтар өз уәжі бар. 

“Комиссия қорытыңдысы бойынша жұмысшының да, жұмыс берушінің де кінәлары болды. Екі жақтың кінәсі бойынша баға берілді. Тергеп-тексеру бойынша хаттамалар, түсініктемелер бүкіл «Еңбек кодексінің» талаптары, ережелері бойынша тергеу-тексеру жүргізілді. Басқа да құзырлы органдар бағаларын берді. Бүгінгі таңда сот жүріп жатқан соң әрі қарай баға бере алмаймын”, – деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы департамент басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Талғат Искарин.

Қызмет барысында ажал құшқан Жұма Құрманов қалаға жылу беретін мекемеде он жылдан бері жұмыс істеген. Жазда оператор-диспетчер, қыста қара жұмысты істей береді дейді жақындары. Атпалдай азаматтың төрт ұлы бар. Ал, жұмыс беруші сұхбат беруге құлықсыз. Олар марқұмдардың жерлеу рәсіміне қаржылай көмек көрсеттік деп отыр.