450 млн теңге тауар ұрлаған қылмыстық топтың заңсыз схемасы әшкере болды

Nur-Altay Umirzak

Оларды тінту барысында травматикалық тапаншалар және түрлі калибрлі патрондар табылған

Сурет: Бейнеден кадр

Қылмыстық топ ірі сауда желісінің құны 450 млн теңге тауарын ұрлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қылмысқа күдіктілер сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісіп, электрондық сату жүйесіне заңсыз кірген. Екі жыл ішінде ұрланған техникалар еліміздің бірнеше қаласында сатылған.Полиция 20-дан астам тінту жүргізіп, 120-дан астам түрлі техника, ұялы телефондар, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және түрлі калибрлі патрондар тәркіледі”, – делінген хабарламада.

Қазір аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.