Жамбыл облысында 22 жастағы полиция өзін атып өлтірді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсап, мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәйіт Тараздан бес шақырым жерде, Жасөркен кентінде табылды. 2003 жылы туған жігіт полиция кіші сержанты екен. 

Алдын ала ақпарат бойынша, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері өз тапаншасымен басына оқ атқан.

Облыстың ПД басшылары, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасы және тергеу тобының өкілдері жедел оқиға болған орынға барды. Өлім себебі анықталып жатыр.

“Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіледі. ҚР ҚІЖК нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды-, делінген хабарламада.