Бақытжан Сағынтаевтың экс-орынбасары қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы
gov.kz

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz CMN.KZ басылымына сілтеме жасап.

29 қаңтар күні сағат 3-те Астанадағы Төлебаев көшесінде полиция қызметкерлері оның Toyota Land Cruiser Prado көлігімен тоқтатты. Тексеру барысында Бабақұмаровтың алкоголь ішкені анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ержан Бабақұмаровты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы» бойынша кінәлі деп таныды.

«Сот Бабақұмаровты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды», - делінген қаулыда.

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған. Одан кейін 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды.

Бабақұмаров бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі (2019 жылғы сәуірден шілдеге дейін) және 2006-2007 жылдары Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін де атқарған.