Түркиядағы ұшақ қазақстандық әйелдің жанжалына байланысты ұшпай қалды

Qaz365.kz редакциясы
Фото:depositphotos.com/MassimoParisi

Түркиядан шығуы тиіс ұшақ украиндық ерлі-зайыпты мен қазақ әйелдерінің төбелесіне байланысты ұшпай қалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

TRTHaber порталының мәліметінше, Pegasus Airlines әуе компаниясының рейсі Түркияның Эрзурум қаласына жоспардан тыс қонған. Оқиғаға қатысы бар төрт жолаушы ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткен.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, ұшақ бортында украиндық ерлі-зайыпты мен қазақстандық екі әйелдің арасында жанжал басталып, көп ұзамай ол төбелеске ұласқан. Экипаж командирі қонуға шешім қабылдаған.

Ұшақ Эрзурум қаласының әуежайына қонды. Түркиялық басылымның хабарлауынша, төбелеске қатысы бар барлық жолаушы ұшақтан шығарылды - тараптар бір-бірінің үстінен шағым түсірген. Сондай-ақ басылым төбелеске қатысушылар алдымен ауруханаға денсаулық жағдайын тексеру үшін жеткізілгенін, кейін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін жазады.