Іле Алатауында жоғалып кеткен 4 жасөспірім табылды

Nur-Altay Umirzak

Жоғалған жасөспірімдердің жасы –  15-16 шамасында болған

Сурет: Бейнеден кадр

Іле Алатауында жоғалып кеткен 4 жасөспірім табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Алматы облысы Іле Алатауы тауында «Лесной» асуында Букреев шыңынан түсу кезінде 15-16 жастағы 4 жасөспірім адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобы шақырту орнына шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте адасып қалған жасөспірімдерді тауып, қажетті көмек көрсетті. Құтқарушылар оларды таудан түсіріп, полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналарына тапсырды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Жасөспірімдер медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған. Олардың ата-аналары құтқарушыларға алғыстарын білдірген.