Алматыда басы дауға қалған «Ахляк» балабақшасы жұмысын уақытша тоқтатты

Qaz365.kz редакциясы

Бұл нысан базада тіркелмеген

Фото: primeminister.kz

4 жасар баланы тұншықтырды деп айыпталған тәрбиеші жұмыстан қуылып, орталық директорына айыппұл салынған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін кәсіп иесі Амина Юсупбаева халықтан кешірім сұрап, әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады. 

Ол қызметкерінің әрекетін қолдамайтынын айтып, тергеу жұмыстарына көмектесетінін жеткізген.

Айта кетейік, бұл нысан базада тіркелмеген. Лицензиясы жоқ. Мемлекеттік қаржыландырусыз жұмыс істейтін жеке мекеме. Қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.