Шахтадағы жарылыс неден болған?: Үйінді астында қалған жұмысшылардың барлығының мәйіті табылды

Nur-Altay Umirzak

Тау жынысы табиғи газ жарылуынан құлаған

Сурет: aa.com.tr

Құтқарушылар үйінді астында қалған барлық жеті  жұмысшының мәйітін тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

«Барлық жеті жұмысшының денелері жер бетіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталды. Тау жынысы табиғи газ жарылғандықтан опырылып түскен. Компания өкілдерді мұндай жайт бұрын-соңды болмаған деп отыр.

«Қазақмыс» келісімшартқа сәйкес қаза болған қызметкерлердің отбасыларына жылдық табысының 10 еселенген мөлшері мен жерлеу рәсіміне 2 млн теңге берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ  тағы қарастырылып жатқан көмектер:

  • асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер,
  • балаларды оқытуға ақы төлеу,
  • қайтыс болған қызметкерлердің несиелері мен қарыздарын өтеу,
  • отбасы мүшелерінің өтініші бойынша көмектің өзге де түрлерін қарастыру.

Кеше түнде премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған. Оған вице-премьер Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.