Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

«Қазақмыс» корпорациясы барынша қолдау көрсетеді

Ашық дереккөздерден

Кеше Ұлытау облысындағы кеніште тау жынысы опырылып, салдарынан 7 кенші қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қайғылы оқиғада қаза тапқан жеті әріптесіміздің отбасына, жақындарына және барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл – біз үшін орны толмас ауыр қайғы. Әрбір қызметкеріміздің амандығы – біздің басты құндылығымыз. Біз бұл жағдайды терең зерттеп, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біз барынша қолдау көрсетеміз», – деп жазды «Қазақмыс» корпорациясы.

Еске салсақ, Ұлытау облысында «Қазақмыс» компаниясына қарайтын кеніште болған апаттан 7 адам қаза тапқан еді.