Тергеу амалдары жүргізілуде
Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әйелдің айтуынша, 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында белгісіз адамдар оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Күдіктілер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.
"Аталған факті бойынша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушіні интернетте жеке видеосын таратамын деп қорқытып, бопсалағаны анықталды", – деді полицейлер.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 мың теңгенің бір бөлігін алу кезінде қолға түсірді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.