"Спиртті апельсин, телефоны бар палау": Астанадағы колонияда сотталғандарға сәлемдеме

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде болған

Сурет: Polisia.kz

Астана қаласының тұрғыны сотталғандар үшін тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіргізбек болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Кезекті рет Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінің қызметкерлері сотталғандар үшін тыйым салынған заттардың мекеме аумағына берілуіне жол бермеді. Сотталғанға жолданған тапсырысты тексеру барысында палауы бар ыдыстан ұялы телефон табылды. Сондай-ақ мекемеге алкогольге малынған төрт апельсинді әкелудің алдын алды. Осы факті бойынша мекеменің режимдік бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалды сотқа жолдады”, – делінген хабарламада.

Ал сәлемдеме алып келген "Хабаршыға" 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескерту жасалады.