Өскемен қаласында автобус толықтай өртеніп кетті

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Ярославская көшесінің ортасында орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Өскемен қаласында көше ортасында жүріп келе жатқан автобус толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Өскемен қаласында Ярославская көшесінде автобустың моторлы бөлігі мен салоны өртенді. Жүргізуші көлікті алдын ала тоқтатып, одан шығып кетті.ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығуына нақты не себеп болғаны  анықталуда.