Қостанайда өрт сөндірушілер жалын арасынан 6 газ баллонын алып шықты

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Красносельская көшесіндегі тұрғын үйде орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Қостанайда өрт сөндірушілер қызыл жалын арасынан 6 газ баллонын алып шығып, тұрғын сектордағы жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

“Қостанайда «112» пультіне Красносельская көшесіндегі жеке ауладағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келген соң, 60 ш.м. алаңда тұрғын үйдің жанып жатқанын анықтады. Жағдай үй-жайдың ішінде газ баллондарының болуымен күрделенді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында 6 газ баллонын уақытылы шығаруға мүмкіндік туып, жарылыстың алдын алды. Өрт сәтті сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген ТЖД хабарламасында.

  Қазір өрттің себептері анықталып, келген шығын көлемі есептелуде.