Екі күдікті ұсталып, қамауға алынған
Шымкентте белгсіз біреулер ер адамды ұрлап кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
“Әлеуметтік желіде азаматқа қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты оқиғаның бейнежазбасы тарады. Полиция қызметкерлерімен оқиға қатысушыларының жеке басы анықталып, көлік құралы табылды. Екі күдікті ұсталып, қамауға алынды.Қазіргі таңда жайт бойынша қажетті процессуалдық жұмыстар жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда” – дейді Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Бейнежазбадағы оқиғадан Шымкенттегі Тұран-1 шағын ауданында белгісіз біреулер ер адамды күштеп, көліктің жүк салғышына қинап салып әкеткенін көруе болады. Қазір тергеу жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жтыр.