Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Qaz365.kz редакциясы

Басқа білім ордаларының басшылары да жауапқа тартылды

Видеодан скриншот

Абай облыстық Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Семейдегі оқиғаға байланысты бірнеше мектептің басшылық құрамына тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

№9 мектеп директоры қызметінен босатылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Сондай-ақ, іске қатысы бар жеткіншектер оқитын басқа білім ордаларының басшылары да жауапқа тартылды.

– Семей қаласының №15 мектеп директоры мен Ш.Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды, – делінген ақпаратта.