Полиция мәлметі берді
Өскемен қаласында қоқыстан шақалақтың денесі табылған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаңа туған нәрестенің денесін куәгерлер 23 ақпан күні қоқыстың арасынан көріп, полицияға хабар берген.
Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Жедел іс-шаралар барысында жаңа туған нәрестенің анасы табылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, анасы баласын қоқысқа өзі тастаған.