«URPAQ» жобасы: Семейдегі әлімжеттік оқиғасынан кейін чат-ботқа 178 хабарлама келіп түскен

Nur-Altay Umirzak

Оның ішінде 36 – шұғыл сигналдар (SOS) келіп түскен

Сурет: Handout

Семейдегі бір топ жеткіншектік мектеп оқушысын аяусыз ұрып-соғу, әлімжеттік оқиғасынан кейін арнайы чат-ботқа 178 хабарлама келіп түскен,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты прокуратура органдары олардың құқықтарын қорғау және осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында «URPAQ» жобасын іске асыруды жалғастыруда. Негізгі назар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтарының сақталуына бағытталған.Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына қарасты «URPAQ» чат-боты зорлық-зомбылыққа немесе қауіп-қатерге тап болған балаларды қорғауға көмектеседі. Әр хабарламаға жауап береміз!”, – делінген Прокуратура хабарламасында.

Жоба іске қосылған сәттен бастап чат-бот 178 хабарлама қабылдады, оның ішінде:

• 36 – шұғыл сигналдар (SOS),
• 33 – буллингке шағымдар,
• 65 – психологпен әңгімелесуге сұраныстар,
• 19 – қатыгездікпен қарау жағдайлары,
• 18 – бопсалау фактілері,
• 7 – дінге қатысты сұрақтар.