Зілзала
Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жерасты дүмпулері ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы 3 наурызда Астана уақытымен 11:05-те тіркелген.
"Эпицентр Алматыдан 122 шақырым оңтүстік-батыста, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. Магнитудасы MPV – 4,3", – делінген хабарламада.