Семейде соққыға жығылған оқушының отбасына пәтер сатып алынды

Qaz365.kz редакциясы

24 ақпанда желіде Семейде жасөспірімдер өзінің қатарласын аяусыз соққыға жыққаны туралы видео тараған еді

Фото: istockphoto.com

Семейде соққыға жығылған оқушыға қазақстандықтар пәтер алып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл туралы TikTok желіcінде жергілікті блогер Аида Жүнісова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Кілтті алдық, енді оның өз шаңырағы бар. Қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс білдіреміз", - деп жазды ол.

Қазақстандықтар семейлік оқушыға көмек ретінде 35 млн теңге жинаған.

Естке салайық, 24 ақпанда желіде Семейде жасөспірімдер өзінің қатарласын аяусыз соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның барлық қатысушысы дереу анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін айтты.