Ақтөбеде 39 жастағы әйел 11-баласын дүниеге әкелді

Nur-Altay Umirzak

Көп балалы отбасында 7 ұл мен 4 қыз бар

Сурет: Бейнеден кадр

Мнаура Муктарова мен оның жаңа туылған сәбиі перзентханадан шығарылды. Қазір көп балалы отбасында 7 ұл мен 4 қыз бар. Батыр ана мен жаңа туған Хантөрені көптеген туыстары ғана емес, журналистер де қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Облыстық перинаталдық орталықтың салтанатты залы бүгін қуанышқа толды. Батыр әке Құдайберген отбасының 11-ші баласымен кездесті. Кішкентай Хантөре салмағы 3,7 келіге жуық, бойы 57 сантиметр. Бала ата-анасымен, алты ағасымен және төрт әпкесімен бірге жаңа пәтерде тұрады. Отбасы көпбалалы ретінде өткен жылдың соңында мемлекеттен пәтер алған болатын.

"Мен бақытты анамын. Үлкен ұлдарым спортшылар. Қызым би үйірмесіне барады. Мен бәріне, Алла Тағалаға ризамын. 2024 жылдың желтоқсанында біз мемлекеттен 4 бөлмелі пәтер алдық. Соңғы 10 жылда көпбалалы отбасы ретінде кезекте тұрдық. Бүгінгі қуанышты жаңа пәтерде тойлаймыз. Барлық туыстарымыз бен көршілерімізге де рахмет!", –  деді Көпбалалы ана Мнаура Муктарова.

Көп балалы ана – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бірақ мектепте жұмыс істей алмайды. Ол барлық бос уақытын бала тәрбиесіне арнап отыр. Үлкен алтауы-мектеп оқушылары, екеуі-балабақшаға барады, ал тағы екі егіз үйде. Олар жақында ғана екі жасқа толған. Сонымен қатар, облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері 11-ші баланың дүниеге келуі қазір сирек кездеседі дейді.

"5-6 бала босану, әрине, бұл құбылыс қазір жиі кездеседі, бірақ отбасында 11-ші баланың туылуы бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Сонымен қатар, бізде жыл сайын екі – үш әйел үшемдерді дүниеге әкелсе, ал 100-120-ға жуық  әйел егіздерді дүниеге әкеліп жатады", –  деп атап өтті Облыстық перинаталдық орталық директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Андрей Гайдай.

Балалардың әкесіне келетін болсақ, Айдын Рамазанов бүгінгі мерекеге қатыса алған жоқ. Ол жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді, сондықтан ол қазір жолда жүк тасымалдап бара жатыр. Көпбалалы отбасы ештеңеге шағымданбайды, бізде бәрі жақсы дейді. Өйткені олар бірге. Демек олар кез-келген қиындықты оңай еңсеріп, жеңе аламыз деп отыр.