Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар

Qaz365.kz редакциясы

Бұған дейін Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкеріне пышақ кезеп, кепілге алғанын жазған едік.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", - делінген Президент әкімшілігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында ер адам әуежай қызметкеріне пышақ кезеп, кепілге алғанын жазған едік.