Алматылық бойжеткен тұрғын үйдің 18 қабатынан секіріп кеткен

Nur-Altay Umirzak

Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған адам 25-35 жаста болған

Сурет: Бейнеден кадр

Алматыда бойжеткен "Комфорт Сити" тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан секіріп құлап мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған адам 25-35 жаста болған. Оқиға орнында қан іздері табылған.

"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.  Мотив пен мән-жайлар белгіленеді. Әйелдің жеке басы, болған оқиғаның ықтимал себептері және қайғылы жағдай анықталады", –  делінген Алматы ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.