Астанада аулада сырғанақ тепкен баланы көлік басып кетті

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған

Сурет: Бейнеден кадр

Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген.

"Оқиға 10 наурызда сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған. Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі дәл сол сәтте пандустан сырғанап түскен баланы қағып кетті. Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.