Ғылым министрі Саясат Нұрбек журналистердің алдында қолын күйдіріп алды

Nur-Altay Umirzak

Кәбілдер құрылысқа, логистикаға, теміржолдардың пайдасына жарайды

Сурет: коллаж/скриншот

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте баспасөз мәслихатын өткізу барысында Қазақстанның ғалымдары ойлап тапқан отандық өнімдерді журналистерге көрсету барысында қолын күйдіріп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Отандық ғалымдардың бірнеше сапалы өнімдерін көрсеткім келеді. Соның бірі – титаннан жасалған ұсақ құрылымдар. Ол адамның омыртқасына зақым келгенде пайдаға жарайтын инертті материал. Өнімді Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Үлбі металлургиялық зауытымен бірлесе жасаған. Осы өніммен келешекте бүкіл Қазақстанды 100 пайыз қамтып, кейін экспортқа шығаруды  көздеп отырмыз. Ал мынау тағы бір отандық өнім – отқа жанбайтын кәбіл. Экспортқа Өзбекстанға ол тауар былтыр шығарылып қойған. Қазэлектромаш деген компанияның өнімі. Кәбілдер құрылысқа, логистикаға, теміржолдардың пайдасына жарайды”.

Министр кәбілдің отқа жанбайтынын көрсету үшін қалтасынан оттық алып шығып, оны жағып кәбілдің өртенбейтінін көрсетті. Алайда ол оттықты ұзақ уақыт ұстап тұрғандықтан қолын күйдіріп алады.