Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірім ісі: тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Qaz365.kz редакциясы

Резонансты іс

Видеодан скриншот

Психикалық ауытқуы бар жасөспірімнің анасы ауруханада баламды ұрды деп полицияға шағым түсірген болатын. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

“Кәмелетке толмаған күдіктіге дене жарақатын салған санитарға қатысты ақпаратқа келетін болсақ, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін кешенді тергеу жүріп жатыр”, – деді Санжар Әділов.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің ісі бір ай ішінде сотқа жіберу жоспарда барын айтқан болатын.