"Аяқсыз қалды": Павлодарда ер адам өз әйелін көлікпен қасақана қаққан

Nur-Altay Umirzak

Жәбірленуші әйел 41 жаста, екі баласы бар

Сурет: Бейнеден кадр

Павлодарда бұрынғы күйеуі өз әйелін әдейі қағып, салдарынан әйелдің аяғына ампутация жасалды, деп хабарлайды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “Типичный Павлодар” телеграмм-арнасы мәлімдеді.

Оқиға 2025 жылдың 6 қаңтары күні таңертең ерте болған. 41 жастағы Виолеттаның екі қызы бар. Үлкен қызы 14 жаста болса, кіші баласы небары екі жаста. Ал күдікті осы кіші қыздың әкесі.

Оқиға болатын күні ол өз әйеліне жұмысқа апарып тастауды ұсынған. Әйелі қарсылық білдіргенімен, ол өз айтқанынан қайтпаған. Жолда ерлі-зайыптылар арасында дау туып, межеге жеткен сәтте Виолеттаға жолдасы көліктен шығуға мүмкіндік бермеген. Көліктен шыға сала әйел адам жұмыс орнына қарай жүгіргенімен, оның ішіне кіріп үлгермеген. Соңынан қуып жеткен күйеуі оны әдейі көлігімен қағып кеткен.

«Ол оның бұрынғы күйеуі 6 жылдық қарым-қатынастан кейін ажырасуды қабылдай алмады, оны жібергісі келмеді. Оның қызғанышының соңы агрессияға айналды», – дейді Виолеттаның достары.

Достарының айтуынша, әйел адам ауыр жарақат алған. Оған бірнеше күрделі операция жасалды. Бір аяғынан айрылса, ал екінші аяғы үшін Виолетта күресіп жатыр. Ол қазір ауруханада және әлі де қымбат ем мен протез қажет.

«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауда. Қылмыстық іс сотқа кетті», –  деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Қазір Виолеттаға көмектесу үшін туыстары мен достары оған қаражат жинау жұмысын бастаған.