Оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 04:05-те орын алған
Алматы-1 – Сарыөзек учаскесінің теміржол өткелінде жүк локомотиві мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғсы орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚТЖ ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді.
“17 наурызда сағат 04:05-те Алматы – 1-Сарыөзек учаскесінің күзетілетін теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды. Себебі, көлік жүргізушісі жабық шлагбаумды айналып өтіп, темір жолдың пойыз жүретін бөлігінде қалып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолдың және өткел инфрақұрылымының зақымдануы тіркелген жоқ. Жүк тасымалдаушы локомотивте автотасымалдау тұтқасы бүгілген. Пойыз 20 минуттық кідіріспен бағыттағы қозғалысын жалғастырды”, – делінген ҚТЖ хабарламасында.
Оқиға туралы ақпарат Қапшағай станциясының желілік полиция басқармасына берілді.