Шымкентте күйеуі ине салған соң әйелі ажал құшты

Nur-Altay Umirzak

Қайғылы жағдай 16-наурыз күні қала орталығындағы үйлердің бірінде орын алған

Сурет: c-med.mcfr.kz

Шымкентте ер адам әйелін емдеймін деп ажалына себепші болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Қайғылы жағдай 16-наурыз күні қала орталығындағы үйлердің бірінде орын алған. 

“Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде” – дейді Шымкент қаласының ПД.

Азамат ауырып қалған әйеліне екпе салып, науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген. Осыдан кейін жедел-жәрдемді шақырғанымен, келіншек дәрігерлер жеткенше жан тапсырыпты.