"Бұғылар тұғырда, Өзбекәлі жерде тұр": Шымкентте ескерткіш тұрған жер сынға қалды

Nur-Altay Umirzak

Бұл сыни пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Сурет: Бейнеден кадр

 Шымкент қаласына сапарлап келген Арқалық тұрғыны Өзбекәлі Жәнібековтің ескерткіші қойылған орынды сынап тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Шаке Сыргабаев есімді азамат Шымкент қаласының орталық саябағында орналасқан ескерткіштің жанында видео түсіріп, Tiktok парақшасына жүктеген.

«Мына бір ескерткішті көріп, көңілім толмай тұр. Мына кісі қазақтың біртуар азаматы – Өзбекәлі Жәнібеков. Біздің жерлесіміз. Арқалықта Бірінші хатшы болған, Мәдениет министрі болған. Тұрған жерін қараңыз жерге қоя салған. Ал, мына артында бұғылар тұр. Оны арнайы биіктікпен жасаған тұғырдың үстіне қойған, жасыл шөпке қоя салса да болады ғой. Неге Өзбекәлі Жәнібековты сол жерге, көзге көрінетін көрнекі жерге қоймасқа? Ұлттың рухы жоқ – бұл үлкен қасірет. Намысымызды оятып, рухымызды көтеретін кез келді», –  дейді Шымкент тұрғыны.