Атырау облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Жол-көлік оқиғасы 26 наурызда болған

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Жол апатының салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облыстық полиция дерартаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 наурызда болған.

“Таңертеңгі сағат 07:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы тасжолының 575-шақырымы тұсында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза болды. Ал 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді”, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.