Өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеген
Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе ауданының Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 4 тонна шөп өртенді,
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
“Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт 24 ш. м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖД мамандары шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертіп отыр.