Ақтөбеде полицейдің мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласында полицейдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшысының денесі өз үйінен табылған, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Марқұмның денесі тұрғылықты мекенжайынан табылды, өлімнің сыртқы белгілерінен зорлық-зомбылық байқалмады, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Полиция өкілдері қайтыс болған қызметкердің бұрынғы операциядан кейін ем қабылдап жүргенін де атап өтті.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.