Бас прокуратура мәлімет берді
Құқық қорғау органдары Павлодарда кісі өлтірген күдіктіні Ресей Федерациясында анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, бизнес серіктесін өлтірді деген күдікке іліккен қазақстандық Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында ұсталды.
Естеріңізде болса, ақпан айында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін табылды.
“Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдауда”, - делінген хабарламада.
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.