Құлсары емханасында дәрігер өз кабинетінде әйелін өлтірген

Nur-Altay Umirzak

33 жастағы күдікті марқұмның бұрынғы жұбайы

Сурет: spbmiac.ru

Құлсары емханасында әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Полицейлер Құлсары емханасында әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Қылмыс 27 наурызда Жылыой ауданында болған. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу басталды. 33 жастағы күдікті  қылмыстың ізі суымай бірден  ұсталып, қамауға алынды", –  делінген полиция хабарламасында.

Куәгерлердің ақпаратына сәйкес, күдікті әйелдің бұрынғы жұбайы. Қылмыс дәрігердің жұмыс кабинетінде болған. Емхана қызметкерлері айқайлап жүгіргенімен, бірақ әйелді құтқарып қала алмаған.