Алматыда әуежайында SCAT әуекомпаниясының рейсі 10 сағаттан астам кешіккен

Qaz365.kz редакциясы

Әуекомпания бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді

Видеодан скриншоттар

Алматы халықаралық әуежайында Алматы-Пхукет бағытындағы рейс кешікті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желідегі мәліметке сәйкес, Алматы-Пхукет бағытындағы SCAT компаниясының 5235 рейсі сағат 01:35 ұшуы керек болған. Бірақ рейс уақыты алдымен 05:05-ке, кейін 06:10, 08:00-ге бірнеше рет шегерілген. 

SCAT баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді. 

“Ұшу алдындағы дайындықты жүргізу кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды. Күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар беріледі. Әуе компаниясы кешіккен рейстің жолаушыларынан кешірім сұрайды”, - деп хабарлады әуе компаниясынан.

Сондай-ақ SCAT жауабына сәйкес, қазір бұл рейс бойынша жолаушыларды отырғызу жүргізіліп жатыр. Ұшақ 20 минут ішінде жолға шығады.