Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты растады

Фото: ашық дереккөзден

Шерзат Болаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев растады.

Оның айтуынша, сот отырысы 10 сәуірде Талдықорған қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Себебі, қазір күдіктілердің көпшілігі осы қаладағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске салайық, бұған дейін Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлын өлтірді деп ұсталған күдіктілердің үстінен жаңа арыз түсіріп жатқанын хабарланған.