Оқиға Әндіжан облысы Ізбасқан ауданындағы мешітте болған
Өзбекстанда мешітте жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өзбекстанның Әндіжан облысы Ізбасқан ауданындағы мешітте газ-ауа қоспасының жарылысынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.
Облыс хокимиятының (әкімдік) баспасөз қызметі жарылыс салдарынан мешіттегі дәрет алатын бөлме опырылып түскенін хабарлады, үйінділер тазартылып жатыр.
Оқиға орнына облыс әкімі, ТЖД, ІІБ, ҰҚК, прокуратура және басқа да қызметтер жұмылдырылды.
Қазіргі таңда жарылыс себебі анықталып, тергеу жүріп жатыр.