Тайландта қазақстандық туристер мінген катер кеме жарылды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Пхукет провинциясында орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Тайландта қазақстандық туристер мінген катер кеме жарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

Оқиға Таиландтың оңтүстігіндегі Пхукет провинциясында орын алған. Катерде барлығы 31 адам болған. Оның ішінде қазақстандық және ресейлік туристер бар.

“Борттағы 30 адам суға түсіп үлгерген. Ал катерде қалып қойған бір ресейлік азаматтың аяғы күйген. Зардап шеккен адам жедел эвакуацияланып, қажетті көмек көрсетілді”, – делінген Тайландтың туристік полициясының мәліметінде.

30 адамның денсаулығы жақсы, ешкім жарақат алмаған. Оқиғадан кейін туристер қонақ үйлеріне оралған.