Тараздағы жалдамалы пәтерде полиция қызметкері өлі күйінде табылды

Nur-Altay Umirzak

Ол пәтерді бір тәулікке жалға алған

Сурет: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде Тараздың пәтерлерінің бірінен полицейдің денесі табылғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол пәтерді бір тәулікке жалға алған.

Жамбыл облысының полиция департаменті бұл фактіге түсініктеме берді. Онда "суицидке дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп мәлімдеді.

"Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы жедел келді. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті кешенді тергеу – жедел іс-шаралар жүргізілуде", –  делінген хабарламада.