Үндістандық студент Шымкенттегі пәтерлердің бірінен өлі күйінде табылды

Nur-Altay Umirzak

Оны пәтерде бірге тұратын көршілері тапқан

Сурет: depositphotos.com

Шымкентте медициналық академияда оқып жүрген Үндістан азаматы – студент қайтыс болды. Оның денесі отандастарымен бірге тұрып жатқан жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға жүректің кенеттен тоқтауы себеп болуы мүмкін.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізілуде», — деп нақтылады ведомство.

Куәгерлердің айтуынша, студентті пәтердегі көршілері тауып алған. Түнде олар бөлмесіне кіріп, ес-түссіз жатқан жігітті көрген. Көрсетілген алғашқы көмек пен жедел жәрдем шақыртылғанына қарамастан, келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.