7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алған еді
Алматы қаласы сотының мәліметінше, бүгін шаһардың әуежайында қызды кепілген алған күдіктіге қатысты сот басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалған.
Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) — 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) — 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Айта кетейік, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенгенін жазғанбыз.
Мұса Әбдірайым күдіктіге өзін кепілге ұсынып, қызметкердің орнына тұрған. Ер адам тәртіп сақшыларымен келіссөзге алаңдаған тұста ол күдіктінің қолындағы пышақты жұлып алды.