Алматыда жасөспірім қыз 16 қабатты үйден құлап, мерт болды

Qaz365.kz редакциясы

Полиция түсініктеме берді

Фото: Almaty suntimes

Желіде қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жасөспірім көпқабатты тұрғын үйден құлағаны жайлы мәлімет тарады. Осы жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті Qaz365.kz тілшісінің сұрауына жауап берді.

«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – делінген ПД-нің түсініктемесінде.

Желіде қайғылы оқиға "АлтынБұлақ 2" тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.