Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

Nur-Altay Umirzak

Жер сілкінісінің ошағы Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде

Сурет: gov.kz

Атырау облысында жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы мәлімдеді.

“Жер сілкінісінің ошағы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде болды. Магнитудасы – 4.3.жер асты дүмпуі 10 сәуір күні Астана уақытымен сағат 01:40-та тіркелді”, – делінген Қазақ ұлттық деректер орталығының дерегінде.