Сот отырысы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында өтеді
Бүгін сағат 12:00-де Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы басталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін Ресей спутнигін қараймыз. Ресейге халықаралық тергеу комиссиясын жібердік. Біз Шерзаттың үйін кім өртегенін спутник арқылы көргіміз келеді”, – деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойкелдиев.
Оның айтуынша, тергеу жүріп жатыр. Сараптама жүргізілді, белгілі бір нәтижелер бар. Қазір сот ғимаратын полиция күзетіп тұр, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігі келген.