Алматыда 26 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Qaz365.kz редакциясы

Қылмыстық іс қозғалды

Фото: depositphotos.com

Алматыда 26 жастағы ер адамның денесі тұрғын үй кешенінен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде марқұмның денесі «Өркен» ТК-ден табылғаны туралы айтылды. Ер адам өзін-өзі өлтірді деген болжам бар.

«Бұл факт бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 26 жастағы ер адамның өлімінің себебі мен мән-жайлары анықталып жатыр», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.