Қызылордада кішкентай бала көліктің ішінде қамалып қалған

Nur-Altay Umirzak

Көліктің кілті ішінде қалып қойған

Сурет: Бейнеден кадр

Қызылордада көліктің ішінде қамалып қалған кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

“ 112 пультіне алаңдаушылық білдірген әйел қоңырау шалып, оның баласы жеңіл автокөліктің ішінде құлыпталып қалғанын хабарлады. Оқиға Қызылорда қаласында Әбілхайыр хан көшесінде орын алды. Жедел жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен есікті зақымдамай ашты. Бала зардап шеккен жоқ”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, анасы үлкен ұлын мектепке алып келіп, мектепке дейін шығарып салған, сол кезде көліктің кілті көлік ішінде қалып қойған. Есікті аша алмаған соң құтқарушыларға жүгінген екен.