Абай облысында полицей қайғылы жағдайда қаза тапты

Nur-Altay Umirzak

Ақпаратты өңірлік ПД баспасөз қызметі растады

@bektore_sultan_/ instagram

Абай облысында қайғылы оқиға орын алды. Полицияның кіші сержанты жол-көлік оқиғасына түсіп, қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Instagram парақшасында Облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан хабарлады.

«Оның жанқиярлық еңбегі, антқа адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын адамдардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қаза, біз сіздермен бірге қайғырамыз», – деп жазды полиция генерал-майоры.

Ол қаза болған полицей Айдос Айдарханұлының туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.